Бүгін, 5 ақпанда, Ритц Карлтон қонақ үйінде Дипломатиялық Бизнес клуб мүшелерінің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) елдерімен ынтымақтастық жайында кезекті кездесуі өтті. Іс-шараға Сыртқы Істер Министрлігі, Атамекен ҰКП, АӨСШК Хатшылығының басшылығы, АӨСШК елдерінің елшілері және «YPO Kazakhstan» клубының өкілдері қатысты.