Бизнес таңғы ас 6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Кездесуге ҚР Сыртқы Істер Министрлігі, Мажарстан Елшілігі, Қазақстан мен Мажарстан бизнес өкілдері және «YPO Kazakhstan» клубының өкілдері қатысты. Тараптар қазақ-мажар әріптестігінің тұрақты дамуы мен болашағы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастың бірқатар практикалық мәселелері талқыланып, тәжірибемен алмасты.