2 желтоқсанда Ритц-Карлтон қонақ үйінде Дипломатиялық Бизнес клубы мүшелерінің Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастығы аясында кезекті кездесуі өтті.

Іс-шараға Еуропалық Одақ елдерінің Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссияларының басшылары, еліміздің сыртқы саяси ведомствосының, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылары, «YPO Kazakhstan» клубының мүшелері, құрметті консулдар мен Қазақстандық бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ДБК мен құрметті консулдар қоғамы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ дипломатиялық корпус тарапынан ДБК-нің жаңа тең төрағасы, Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Михай Галошфаи таныстырылды. Қазақстандық бизнес-қоғамдастық тарапынан клубтың тең төрағасы ретінде «AQ Group» Бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов өз қызметін жалғастырады.

Іс-шара қатысушылардың саны шектеулі және барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті.