5-6 қазанда Астанада білім, ғылым және инновацияларды дамытуға арналған 6-шы Nobel Fest фестивалі өтті. Бұл іс-шара Altyn Qyran Foundation бас серіктетігімен ұйымдастырылды. Аталған шараға қазақстандық Дипломатиялық Бизнес Клубтың арнайы шақыруымен Қазақстандағы 12 елдің Төтенше және Өкілетті Елшілері қатысты.
     VI Нобель фестивалі жыл сайын өткізіліп келетін Нобель сыйлығының лауреаттары, «Серпіліс» сыйлығының иегерлері (ғылыми Оскар), зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтер мен басқа да прогресс дамытушылары, ғалымдар мен новаторлардың басын қосқан фестиваль.
     Фестивальдің бірінші сессиясын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты, онда білім және ғылым саласындағы технологиялық трансформациялардың маңыздылығын атап өтті.
     Сондай-ақ, ашылу сессиясы аясында фестивальдың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сөз сөйлеп, Қазақстанды қазіргі әлемде айтарлықтай ілгерілете алатын технологиялар туралы айтты.
     Қазақстанның технологиялық әлемдегі рөлі туралы өз ойын Қазақстандағы Италияның Елшісі Марко Альберти мырза бөлісті.
     Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллектіден бастап климаттың өзгеруіне, экономиканың болашағына, стартаптар мен еңбек нарығына, ғылымның жаңа қырлары мен адамзаттың болашағына дейінгі көптеген тақырыптарды қамтыды.
     Дипломатиялық Бизнес Клуб өз кезеңінде Қазақстанның жоғары технологияларды мемлекетімізде дамытып, жаһандағы алдыңғы қатарлы ғылыми өзгерістердің елімізде оңтайландыруына ат салысады.